21:56, 27 Мамыр 2023 | GMT +5
Абай облысының құрылғанына бір жыл толды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысының құрылуына бір жыл толуына орай Семейдегі Арбатта қолөнершілер, шеберлер мен суретшілер алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қолөнершілерді қолдап, оларға өңірдің шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Қала тұрғындары мен қонақтарының серуендеуіне қолайлы жағдай жасалған.
Шығармашылық алаңның ашылу салтанатында бабадан қалған әндерді қаз қалпында нақышына келтіріп орындайтын «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі мерекелік бағдарлама ұсынды.Нұрлан Ұранхаев суретшілер мен қолөнершілер көрмесі аясында оларға қолдау білдіре отырып жергілікті суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Фарид Хасеновтың туындысын және Абайдың портретін сатып алды.
Көрме жаз бойы жұмыс істейді.