Абай облысының құрылуы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді - Президент

Мемлекет басшысы Абай облысының жұртшылығымен кездесу барысында халықтың қалауымен осы аймақта жеке облыс құру туралы шешім қабылдағанын еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абай облысының құрылуы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді - Президент

«Мен биыл халықтың қалауын ескере отырып, осы аймақта жеке облыс құру туралы шешім қабылдадым.

Аталған қадам өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Инвестицияның келуіне, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасайды. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүйесі жүзеге асады», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның пайымынша, бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы.

«Біз жаңадан құрылған облысты ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде Абай деп атадық», - деді содан соң Мемлекет басшысы.







Фото: yvision.kz