«Абай оқулары»: 217 қатысушы арасынан үздіктер анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған дәстүрлі «Абай оқулары» әдеби байқауының қорытындысы шығарылды.

«Абай оқулары»: 217 қатысушы арасынан үздіктер анықталды
Фото: ҚР Президенті Іс басқармасы

Он жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Х Абай оқулары» мерейтойлық байқауына биыл еліміздің әр өңірлерінен 217 адам қатысты. Балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарының студенттері, әртүрлі еңбек ұйымдарының қызметкерлері қатысқан байқаудың ең кішкентай қатысушысы үш жастағы бүлдіршін.

Биылғы байқауда балабақшалар мен арнайы мектеп интернаттарының ерекше қажеттілігі бар тәрбиеленушілері де ұлы ақынның мұрасына деген қызығушылығы мен құрметін білдіріп, өнер-білімге деген құштарлығы мен ыстық ықыласын танытты.

«Абай оқулары»: 217 қатысушы арасынан үздіктер анықталды
Фото: ҚР Президенті Іс басқармасы

Сондай-ақ, байқауға тұтас ұйым болып қатысып, белсенділік көрсеткен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымдарды: «Қарлығаш» балабақшасы, ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Ұлттық госпиталь» ШЖҚ РМК, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің автошаруашылығы» ШЖҚ РМК, «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК және «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК айрықша атап өткен жөн.

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Астана қаласы № 56 «Береке» балабақшасы «Қошақан» мектепалды тобының тәрбиеленушілері иеленді.

«Абай оқулары»: 217 қатысушы арасынан үздіктер анықталды
Фото: ҚР Президенті Іс басқармасы

Мектеп жасындағы оқушылар арасында бірінші орынға Шымкент қаласы М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназияның 10 сынып оқушысы Сүлеймен Аспандияр ие болса, екінші орынды Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қарасу жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Тельман Нұриман мен Шымкент қаласы М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназияның 7 сынып оқушысы Сүлеймен Адия, үшінші орынды Н. Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Рабай Аяулым мен Орал қаласы Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Нохат Алина өзара бөлісті.

«Абай оқулары»: 217 қатысушы арасынан үздіктер анықталды
Фото: Kazinform

Ересектер арасында бірінші орын ҚР ПІБ ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының қызметкері Зұлхарнаев Асқарға, екінші орын Қарағанды индустриалдық университетінің студенті Сайдуллақызы Жасминаға бұйырды. Үшінші орынды ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің автошаруашылығы» ШЖҚ-дағы РМК ұйымдық құрылымының қызметкерлері иеленді.

Қатысушылар өзіндік өлең оқу мәнерімен, ізденімпаздығымен және жаңашыл жобаларымен ерекшеленді: 

  • Астана қаласы № 56 «Береке» балабақшасы «Қошақан» тобының тәрбиеленушісі Жандосқызы Айсәуле — «Жарық жұлдыз»;
  • ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері:
  • Мұхтар Хақназар — «Ең кішкентай қатысушы»;
  • Мыңайдар Ахмет — «Дарынды бала»;
  • Қалдыбек Мансұр — «Ең талапты қатысушы»;
  • Қостанай облысы «№ 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ 6 сынып оқушысы Несина София — «Ең талапты қатысушы»;
  • Семей қаласындағы № 6 мектеп-гимназиясының 10 «А» сыныбының оқушылары — «Ізденімпаздығы үшін»;
  • Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Докучаев жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Осетрова Алина — «Көркем сөзге ынтасы үшін»;
  • Орал қаласы Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Жұмағали Нұрбек — «Ерекше образы үшін»;
  • осы мектептің 6 сынып оқушысы Теміртаев Нұрдәулет — «Мәнерлі дауыс иесі»;
  • Семей қаласы № 3 арнайы мектеп- интернатының 9 сынып оқушысы Тілекқызы Кәусар мен 11 сынып оқушысы Серікжан Айзере– «Өнерге құштарлығы үшін»;
  • Орал қаласы. 2 облыстық арнайы мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Казиев Темирлан — «Өнер сөздің патшасы»;
  • Астана қаласы ҚР ПІБ МО «Қарлығаш»балабақшасының қазақ тілі педагогі Шапауова Саулеш Аштайқызы мен осы балабақшаның тәрбиешісі Тұрлыбекова Марал Әділбекқызы«Ұстаздық еткен жалықпас»;
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маманы Абжами Қуатжан.

ҚР ПІБ Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы, Президенттік орталық директорының кеңесшісі Серік Сыдықовтың айтуынша, Абайдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы қазіргі жаһандану дәуірінде де өзектілігін жоғалтпайды.

— Абай мен оның шығармашылығы қазіргі жаһанданған әлемде де өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Біз қазір де көптеген сұрақтардың жауабын оның шығармаларынан табамыз. Абайдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасын жан-жақты насихаттау қашанда маңызды, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Абай мұрасы Тегеранда халықаралық деңгейде дәріптелген еді.