«Абай» шахтасындағы жарылыстан зардап шеккен кенші ҚР Президентіне көмек көрсетуін өтінді
sp;ҚАРАҒАНДЫ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Президентімен «тікелей желіге» «Абай» шахтасындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен қарағандылық кенші Қизат Садықов көмек көрсетуін өтінді.
«2008 жылы «Абай» шахтасында жарылыс болып, салдарынан 30 кенші опат болды. Жарылыс кезінде қатты зақымдандым», - деп оқиғаны еске алған кенші диагнозын толық сипаттап жазады.
Оның Елбасының атына өтініш білдіруі - мүгедектіктің белгіленуіне қатысты болып отыр. Бастапқыда, 2008 жылғы мамырда апат салдарынан зардап шеккен кенші бірінші топтағы мүгедектік алады. Ал биылғы жылғы сәуірде ол екінші топқа ауыстырылған.
«Өз денсаулығымды өтеусіз құрбан етіп, соның салдарынан өзіме тиесілі болған нәпақамды қайтып алуға кімнің қандай қақысы бар», - деп кенші Қ.Садықов Мемлекет басшысынан көмек көрсетуді өтінеді.