Абай Төлеш бокстан Қазақстан чемпионы болды
АСТАНА - ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан чемпионатында сенсация болды: 75 килограмға дейінгі салмақта ОҚО тумасы Абай Төлеш алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
75 килограмға дейінгі салмақтың финалында Ерік Әлжанов (Маңғыстау) пен Абай Төлеш (ОҚО) өзара мықтыны анықтады. Қос боксшы да аянып қалмады. Жекпе-жекте пікірі екіге жарылған төрешілердің 3:2 есебімен жеңісті Абай Төлешке берді.