Абай тұлғасын айшықтайтын деректер жинаймыз – Мәдениет министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова абайтанушылар арқылы Абай туралы деректер жинау қолға алынатындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше ұлы Абайдың туған күні болғанын еске салған министр қазақ ақынының есімі әлемнің іргелі қалаларындағы бірнеше көшеге берілгенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар тың зерттеулермен жалғасатынын жеткізген.

«Достар, қазіргі уақытта біз халқымыздың арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтардың ізбасарлары, еліміздің жетекші абайтанушыларымен кездесіп, сегіз қырлы бір сырлы кемеңгеріміздің тұлғасын айқындай түсетін дерек жинаудамыз» - деп жазды министр Facebook-тегі өз парақшасында.

Соңғы жаңалықтар