#Абай175: Францияның Қазақстандағы елшісі Абайдың өлеңін қазақ тілінде оқыды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ қазақ тілінде ақын Абайдың өлеңінен үзінді оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

«Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ #Абай175 эстафетасын тікелей эфирде жалғастырып, оны Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әдірахымовке, кәсіпкер Арманжан Байтасовқа және саясаттанушы Досым Сәтпаевқа жолдады», делінген хабарламада.


Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Аталмыш эстафетаны «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін бес тілде шырқады. Эстафетаны «Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдады.

Соңғы жаңалықтар