«Абайдың 12 ұрпағы соғысқа аттанып, 3-уі ғана тірі оралған» - баспасөзге шолу

Алматыда әлi де болса сел жүру қаупi жоғары. Бұл туралы « Ай қ ын » басылымында жарияланған сұхбатта «Қазселденқорғау» ММ өндірістік пайдалану бөлімінің жетекшісі Мұрат Қасенов мәлiм еттi.
Оның айтуынша, Талғардағы жағдай әлі де қауіпті күйде сақталып тұр.
«Шамамен, сел секундына 5-10 мың текшеметрді құрап отыр. Су жіберуге арналған Талғар бөгетіндегі су тұрақты түрде ағызып жіберілуде. Мамандарымызбен бірге осы аумақты тікұшақпен барлап қайттық. Комсомол мұздағында №5, 6, 7, 8, 8-а морена өзендері тікұшақпен бақылау барысында қауіпті аймақ тізіміне енгізілді. Сондай-ақ бізге Алматы облысы әкімдігінен бірнеше тапсырмалар жүктеліп отыр. Жүктеме бойынша қауіпті учаскелерде жеке құрам және техникалық құралдар дайындау міндеті баса назарға алынған.
Қарғалыда болған сел тасқыны бойынша да мамандарымыз жұмылдырылуда. Сондай-ақ салалық «Алматы гидрология» ЖШС қызметкерлері Қарғалы өзеніне зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы саладағы әріптестеріміз қазір қауіптің жоқтығын ескертті», - дейдi ол.
Сұхбатты толығымен « Қ азір сел ж ү ру қ аупі жо ғ ары » атты материалдан оқуға болады.
Қазақстанда жүлде қоры 10 млн. теңге болатын «Алтын тұлпар» аламан бәйгесi өтпек, деп жазады « Ай қ ын » газетi.
«Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдастырылуымен жүзеге асатын «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі 6 қыркүйек күні Ақмола облысының Қабанбай батыр ауылында өтеді деп жоспарлануда.
Турнирге республикамыздың 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүліктен, яғни бәйгеге кемінде 160 ат қатысады деп күтілуде. Жарысқа сәйгүліктердің барлық тұқымдары қатыстырылады. Екінші рет ұйымдастырылып отырған бәсекенің басты ерекшелігі мынада: бұл жолы бәйге жолы ұзартылды. Яғни өткен жылы 43 шақырымға созылса, биыл қашықтық 51 шақырымға жетіп отыр. Ұйымдастырушылардың басты көздеген мақсаты - қазақтың байырғы төл өнерін қайта жаңғыртып, сәйгүліктердің арасынан шын жүйрікті анықтау», - делiнедi «Алтын т ұ лпар» аламан б ә йгесі ө теді» атты тақыппен берiлген мақалада.
Сондай-ақ осы шара аясында «ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалып отыр. Сондай-ақ ұлттық жәдігерлер көрмесі мен ұлттық қөлөнер шеберлерінің шеберхана көрінісі ұйымдастырылып, ат тағалаушы шеберлердің жарысы өтеді. *** «Егемен Қ аза қ стан » басылымында « Қ аза қ ғ арышкеріні ң сапары » атты мақала жарияланып, Айдын Айымбетовтiң ғарышта атқаратын қызметi туралы кең мағлұматтар берiлiп отыр.
Сапар 10 тәулікке созылмақшы. Бұл туралы кеше Алматыда Қазақстан баспасөз клубында журналистермен болған кездесуде Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов мәлімдеді.
«Журналистерді қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов жайлы мағлұматтар қызықтырды. Е.Шаймағамбетов бұл күнді 2009 жылдан бері күтіп жүргендерін, өкінішке қарай, елдегі экономикалық дағдарыстың салдарынан ол мақсаттарына жете алмағанын, енді Қазақстан мен Ресей басшылығының шешімі бойынша қазақстандық ғарышкердің биыл қыркүйек айында ғарышқа ұшатынын, сонымен қатар, осы ұшу сапары барысында қазақстандық ғалымдардың тапсырмасымен зерттеулер жүргізу мақсатында бірқатар ғарыштық тәжірибелер жүргізілетіндігін жеткізді», - делiнген материалда.
- Бұл бірінші бағдарлама емес, - деді төраға орынбасары. - Отандық бағдарламалар бойынша күні бүгінге дейін төрт ғарыштық сапар жүзеге асты. Әзірге жоспарланып отырған міндеттер сол бағдарламалардың жалғасы. Ғарышта қазақстандық ғарышкер отандық ғылым үшін бірқатар тәжірибелер жүргізетін болады. Айдын Айымбетов «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша үстіміздегі жылдың 2 қыркүйегінде таңғы сағат 10:30-да ұшады. 12 қыркүйекте шамамен таңғы сағат 7-де қону жоспарланған. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында біз ғарышта бірқатар шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның үстіне бұл ұшу сапары Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау шараларымен сәйкес келеді. Сондықтан ғарышкеріміз Айдын Айымбетов халықаралық ғарыш стансасынан күллі әлемге Қазақстанда болып жатқан игі шаралар жайында әңгімелейтін болады», - деді Еркін Мұстафаұлы.
Сонымен қатар « Егемен Қ аза қ стан » газетiнде « Абайды ң 12 ұ рпа ғ ы со ғ ыс қ а аттанып , 3- уі ғ ана тірі орал ғ ан » атты мақала жарияланды.
«Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы-журналист, Абай ауданының құрметті азаматы, республикалық дәрежедегі зейнеткер әрі 91 жастағы майдангер Жағыпар Жүнісжанұлы ақсақал жақында Жеңістің 70 жылдығына арнап арнайы кітап шығарды. Кітап алты бөлімнен тұрады. Мұнда майдангерлердің және тыл еңбеккерлерінің өмірбаяндары мен хаттары, соғыс кезінде шығарылған өлеңдері мен естеліктері жинақталған. Редакторы Әсет Мырзақасымовтың айтуынша, кітапта соғысқа аттанған Абай ұрпақтары туралы арнайы бөлім бар. Онда ақынның 12 ұрпағы соғысқа аттанып, 3-уі ғана тірі оралғаны туралы жазылған», - делiнген аталмыш мақалада.
Сол жылдары Абай ауданынан шақырылған 330 адамның басым бөлігі Кузбасс пен Кемеров қалаларындағы шахта жұмыстарына жіберіліпті. Кітаптың авторы, қадірменді ақсақал Жағыпар Жүнісжанұлы бұл күндері Абай ауданындағы көзі тірі қалған жалғыз ғана ардагер, осындай маңызды ақпараттарға толы кітапты шығаруды көптен бері армандап жүрген екен. Бұған дейін ол «Ту тіккен тобықтының қолбасшысы» деп аталатын бірінші кітабын шығарған. Ол кітап Мамай батырдың немере інісі, соның туын көтеріп көзге түскен Тоқтамыс Лақаұлына арналыпты. ***
«Экспресс К» басылымы бұрын парамен ұсталған шенеунiктердiң бұрынғы «әдетiне» салып жатқандықтарын жазуда.
«Халық айтады: шенеунiктi қанша асырасаң да, бәрiбiр өзгенiң қалтасына қарайды. Соның жарқын мысалы - Алматы облысы Iле ауданындық әкiмдiгiнiң екi жауапты қызметкерiнiң парамен ұсталуы.
Жемқорлыққа қарсы күресмведомствосының қызметкерлерiмен Iле ауданы әкiмiнiң көмекшiсi Жұмағұлов пен кәсiпкерлiк бөлiмiнiң бас маманы Ерқожанова ұсталды. Олар жер учаскесiнiң мақсатын ауыстыру үшiн 21 мың доллар сұраған. Бiрнеше жыл бұрын Қарасай ауданы әкiмiнiң орынбасары болған Жұмағұлов жемқорлық дауына iлiгiп едi. Дегенмен ол кезде шенеунiк сүттен ақ, судан таза шыққан болатын. Ендi бұл жолы ол жауапкершiлiктен қашып кете алмайды», - делiнген «Когда же вы нажретесь?» атты мақалада.