Абайдың немере туысы Манатай ақсақал: Өскелең ұрпақ үшін таңдау жасадым

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай Құнанбайұлының немере туысы Манатай Балтақайұлы сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Абай ауданында тұратын 85 жастағы ақсақал сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

«Сайлауда дауыс беріп, жастарға үлгі көрсету – бізге парыз деп есептеймін. Себебі жастарды патриоттық пен жауапкершілікке тәрбиелеуіміз керек. Елдің келешегі үшін бәріміз де жауаптымыз. Бүгін өскелең ұрпақтың болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Қазақстанның өркендеп, дамыған елдердің қатарына қосылуын тілеймін», - дейді қария.

Айта кетейік, Манатай Балтақайұлы қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Айткеш Толғанбаевтың «Қатал тағдыр тәлкегі» атты өмірбаяндық кітабын орысшадан қазақ тіліне аударған. Облыстық және аудандық газеттерде туған өлкенің тарихы мен тұғыры биік тұлғалары туралы талай мақала жариялады.

Ұзақ жылдық еңбегі еленіп, «Ерен еңбегі үшін», «В.И.Ленин туғанына 100 жыл толуына орай», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» сынды марапаттардың иегері. Екі ұл, үш қыз тәрбиелеген ақсақал алты немересінің қызығын көріп отыр.


Соңғы жаңалықтар