Абайдың шөбересі өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Абайдың шөбересі - бәйбішесі Ділдәдан туған ұлы Мағауиядан тарайтын Ишағы Жағыпарқызы 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды «Азаттық».

Абайдың шөбересі өмірден озды

Марқұмның туыстарының хабарлауынша, Ишағы Жағыпарқызы Шығыс Қазақстан облысындағы Ақшоқы ауылына жерленеді.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ишағы Жағыпарқызы - Абай әулеті жайлы естеліктер мен деректерді жеткізген адамдардың бірі.