Абайдың, Жамбылдың, Махамбет тәрізді ұлылардың ата-тегі, тарихы, әулеті зерттелуі керек - жазушы Смағұл Елубай

МАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Мұхтар Әуезовтей алып тұлғаның ата-тегінің шежіресіне арналған кітаптай Абайдың Жамбылдың, Махамбет тәрізді ұлылардың ата-тегі,
None
None

тарихы, әулеті зерттелуі керек.

Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында қазақстандық шығыстанушы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Муминнің «Мұхтар Әуезовтың тектік тарихы» атты кітабының таныстырылымында белгілі қаламгер Смағұл Елубай айтты.

Жазушының пайымдауынша, бұл ең алдымен халыққа, оқырманға керек. "Оны халқымыздың тарихын білуменен пара-пар үлкен тағылымды өнеге деп білемін. Өркениетті елдердің көбінде, тіпті мына Ресейдің өзінде бір Пушкин жайлы зерттеулер өз шығармаларынан бірнеше есе көп. Осы дәстүр бізде де жалғасын табуы керек ",-деп атап өтті ол.

Смағұл Елубай тұсаукесерде сондай-ақ «Мұхтар Әуезовтың тектік тарихы» кітабы жайындағы ойын білдірді. "Кітаптың қазақ оқырманы үшін үлкен маңызы бар. «Өйткені, біздің тарихымызда жалпы қазақ даласына Орта Азияға исламның қалай келуі қазақ ғалымдары тарапынан үлкен зерттеу болмаған сала болатын, бұл кітапты сол салаға сәуле түсірген ғылыми еңбек деп білемін. Бұл кітап тек бір Әуезовтың ата-тегінің шежіресі ғана емес, жалпы Орта Азияға дін исламның сонау Араб түбегінен қалай келгендігі жайлы айтылған ғылыми, салиқалы еңбек"-деді С. Елубай.

Соңғы жаңалықтар