Абайлықтар күрделі отаны медициналық сақтандыру есебінен жасата алады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Бұдан былай Абай облысының тұрғындары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен ми тамырларын қалпына келтіру бойынша жоғары технологиялық ота жасата алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті кәмідіктің мәліметінше, Семей қаласында жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесінде ишемиялық инсульт кезінде ми тамырларына экстра-интракраниальды микроанастомоздың реконструктивті ота жасау жүргізіле бастады. Қазіргі уақытта екі операция жасалған.

«Мамандар мұндай ота жоғары технологиялық медициналық көмек санатына жататынын және МӘМС шеңберінде жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде көрсетілетінін атап өтті. Сондықтан науқас адамның медициналық қызметтердің барлық түрін алуы үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет», - деп жазды ведомстводан.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өңір тұрғындарына МӘМС жүйесінде төлемнің жаңа балама әдісін пайдалануды ұсынады. 5 қыркүйектен бастап тұрғындар алдын-ала бір жылға сақтандырыла алады. Ал оған дейінгі 12 айдағы қарызды өтеудің қажеті жоқ.


Соңғы жаңалықтар