17:06, 29 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Абайсызда құдыққа құлап кеткен әйел жоғалған баланың үстінен түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстанның Черемшан ауылында тоғыз жасар жоғалған баласын іздеген аудандық азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Гулия Яруллина қар бекітіп тастаған кәріз құдығына түсіп кетті. Іздеген баланы да сол жерден тапты.

РФ Татарстан республикалық ТЖМ басқармасыныңмәлімдеуінше , әйелдің бел омыртқасына зақым тиген. Сол күні құбырға түсіп кеткен бала әлсіздіктен есінен тана бастаған.
Дәрігерлердің айтуынша, құтқарушы бір сағат кешіккенде, бала үсіп өлетіндей халде болған.
Қазір бала ауруханада жатыр.