ABBA тобы 35 жылдан соң жаңа әндерін жазды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шведтік  танымал ABBA  тобы араға 35 жыл салып студияда екі композиция жазды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

ABBA  тобы 35 жылдан соң жаңа әндерін жазды

Музыканттар бұл жаңа материал жақында ғана қол жеткізілген ынтымақтастықты жандандырудың нәтижесі екендігін мойындады.

«Біз, төртеуіміз 35 жылдан соң студияға қайта оралуды шештік»,- деп жазды  твиттерге топ мүшелері.

Әзірге  жаңа әндердің қашан жарық көретіндігі жарияланбай отыр. Бірақ біреуі желтоқсанда BBC  және NBC теларналарының біріккен хабарында I Still Have Faith In You атымен эфирден берілмек.

Топ өкілі Горел Хансердің айтуынша, »жаңа әндер бұрынғы әуезбен, бірақ жаңаша орындалатын болады». Дегенмен оның сөзіне қарағанда, бұларды топ мүшелері алда болатын ABBA Avatar «виртуальды турне» кезінде орындауды көздеп отырған жоқ.