ABBA тобының пианиносы Sotheby's аукционында $1 млн қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты швециялық ABBA тобының пианиносы 29 қыркүйекте өтетін Sotheby's аукционының лоты болмақ, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

ABBA тобының пианиносы Sotheby's аукционында  $1 млн қойылды

"Dancing Queen әнінің басындағы фортепьянодағы глиссандо әсері 1970 жылдардан есте қалған әуен. ABBA тобы өз жазбаларында пайдаланған сол аспапты назарларыңызға ұсынып жатқанымызға қуаныштымыз", - деді Sotheby's сарапшысы Филип Эррингтон.

Америкалық джаз пианисі Билл Эванске арнап Георг Болин жасаған пианиноны мамандар $925 тыс. - $1,2 млн бағалады.

Музыкалық аспап ABBA тобының Mamma Mia, Ring Ring, Waterloo және Knowing Me, Knowing You және басқа да хитттерді жазуға қолданылды.