АБД ул - ӘЗИЗ БАБ КҮМБЕЗІ

sp;Абд ул - Әзиз баб күмбезі - Қарахан дәуірінің ғұрыптық сәулет өнері ескерткіші. Ескерткіш ІХ ғасырда салынған. Күмбез Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында орналасқан.
None
None

Қожа Ахмет Иасауидің «Рисала» атты бізге қолжазба күйінде жеткен кітапта Абд ул-Әзиз баб Мұхамед пайғамбардаң жолына түскен алғашқы кісілердің бірі екендігі айтылады. Оны есімінің соңына қосылған «баб» деген сөз де байқатады. Абд ул-Әзиздер Сайрамдағы Ибраһим атамен (Қожа Ахмет Иасауидің әкесі) және Отырардағы Арыстан бабпен аталас болған.

Абд ул-Әзиз баб күмбезі ХVІ ғасырда қайтадан қалпына келтірілген. Оны қайта салдырған қазақ ханы Наурызахмет (Барақ) деген мәліметтер бар.

Абд ул-Әзиз баб күмбезі - Сайрамдағы ең үлкен кешен. Бұл Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Орта ғасырдағы ғұрыптық сәулетшілік кезінде қалыптасқан дәстүрлі порталды-күмбезді құрылыс үлгісімен тұрғызылған. Шаршы пішінді күйдірілген кірпіштерден қаланған. Кейін негізгі көлеміне төбесі күмбезбен жабылған екі үй жанастыра салынған.

Негізгі орталық бөлігі биік мойындыққа тұрғызылған күмбезбен аяқталған. Порталды нақыштау ісінде кірпішті мәнерлеп қалау, ширатпа өрмесімен оралған жартылай бағана орнату тәсілі қолданылған. Ішкі құрылымында шаршы пішінді үш бөлме өзара кең ойықпен жалғасқан, орталық бөлме кіреберісіне қарама-қарсы михраб орналасқан. Едені кірпіштен қаланған.

Кірер аузы текшеленіп, екі тірек аралығының доға тәрізді жабынымен тізілген, екі жақ босағасына бағаналар орнатылған. Кешенді соңғы жөндеуден өткізген құрылысшылар күмбездің бастапқы жобасын сақтауға тырысқан.

 Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1 том

Соңғы жаңалықтар