03:56, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Абдель Фаттах ас-Сиси - Египет президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың экс-қорғаныс министрі маршал Абдель Фаттах ас-Сиси президенттік сайлауда жеңіске жетті.
Бұл туралы сейсенбі күні болған баспасз мәслихатында елдің Жоғары сайлау комиссиясының төрағасы Анвар аль-Асы мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, ас-Сиси үшін 23,7 миллион сайлаушы дауыс берген (96,3 пайыз). Ал оның қарсыласы - социалист Хамдин Сабахи 750 мыңнан сәл ғана астам дауыс жинаған (4,7 пайыз).
Сайлауға қатысқандар 47 пайыздан жоғары болды. Жоғары сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, 54 миллионға жуық адам дауыс берген, деп хабарлайды РИА "Новости.