Әбдел Фаттах Ас-Сиси: Қазақстанның да, Мысырдың да басты мүддесі - әлемде бейбітшілік орнату

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның да, Мысырдың да басты мүддесі - әлемде бейбітшілік орнату. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси айтты.

Әбдел Фаттах Ас-Сиси: Қазақстанның да, Мысырдың да басты  мүддесі - әлемде бейбітшілік орнату

«Қазақстан мен Мысырдың арасында ерекше қарым-қатынастар дамыған. Сондықтан біздің ойымызша, бұл байланыстардың да болашағы өте зор. Әсіресе, сауда, экономика салаларын ширықтыра түсуге мүмкіндігіміз мол. Екі елдің арасындағы саяси байланыстар да ерекше. Демек, біздер ортақ мүдделерімізді жүзеге асыра аламыз»,- деді Мысыр Президенті.

Әбдел Фаттах Ас-Сиси екі елдің арасындағы ынтымақтастық лаңкестікпен күресте ерекше орын алатындығын баса айтты.

«Қазақстан Президентімен келісөздеріміз біздердің аймақтық және өңірлік мәселелердегі ұстанымдарымыздың ортақ екендігін көрсетіп берді. Екі елдің де басты мүддесі - әлемде бейбітшілік орнату», - деді Мысыр Президенті.