Абдель Фаттах ас-Сиси Мысыр президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың Ұлттық сайлау комиссиясы наурыздың 26-сы мен 28-і аралығында өткен сайлаудың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды euronews.

Абдель Фаттах ас-Сиси Мысыр президенті болып сайланды

Қазіргі президент, 97 проценттен сәл ғана астам дауыс жинаған Абдель-Фаттах ас-Сиси жеңіске жетті. Оның жалғыз қарсыласы "Аль-Гэд"  партиясының төрағасы  Мусса Мустафа Муссаны  сайлаушылардың  3 проценті ғана қолдаған.

Атап өтер жайт, бұл саяси науқанға сайлаушылардың 41 проценті ғана қатысқан. Елдегі ауыр экономикалық жағдайға қарамастан  сайлау учаскелеріне келген адамдар қазіргі президентке сенім артқан.