Әбдіқалықова: Әйелдер жасыл экономиканың дамуына айрықша үлес қосуы тиіс

«Бүгін біз энергия тиімділігі мен таза технологияларды ілгерілету, саясаттағы, ғылым мен бизнестегі және қоғамдық бірлестіктердегі әйелдердің рөлін күшейту мәселелерін талқыламақпыз. Өздеріңізде білетіндей, бүгінде адамзат 4.0 индустриясының трансформациялық фазасына аяқ басты. Әлемде технологиялық инновациялар мен цидрлық технологиялардың дамуымен байланысты құрылымдық өзгерістер орын алуда. Олар жасыл экономиканы дамыту үшін жаһандық ахуалды түбегейлі өзгертеді», - деді ол.
Гүлшара Әбдіқалықова әйелдер адамзаттың жасыл экономикаға ауысуы мен баламалы энергетиканы қолдану ісіне айрықша үлес қосуы тиістігін баса айтты.
«Қазақстан Президенті 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында сол жылға қарай баламалы және жаңаратын энергия үлесін 50 пайызға дейін жеткізу міндетін қойып отыр. Бүгінде әлемге жаһандық, тұрақты және инклюзивті дамуға әйелдердің белсенді үлес қосқаны қажет. Біз адамзаттың жасыл экономика мен баламалы энергетиканы пайдалануға көшуіне айрықша үлес қосуға тиіспіз», - деді Мемлекеттік хатшы.
Айта кетейік, форум жұмысына әлемнің 25 елінен 300-ден астам делегат қатысуда. Олардың арасында РФ Федералдық жиналысының Федерация кеңесі төрайымының орынбасары Галина Карелова, Беларусь Президенті Әкімшілігінің басшысы Наталья Кочанова, Қырғызстанның вице-пермьер-министрі Чолпан Сұлтанбекова, Жаһандық әйелдер саммитінің президенті Ирен Нативидад, «жасыл» экономика мен баламалы энергетика саласындағы әлемдік әйелдер қауымының, мемлекеттік органдардың, бизнес саласының, үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстан әйелдер қоғамдастығының өкілдері бар.