Әбдіқалықова Джексон-Вэник заңына түзетулерді болдырмауды қолдаған Рубинге ризашылық білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуразиядағы еврей қауымын қолдау ұлттық  коалициясының төрағасы Даниэль Рубинмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ағымдағы жылы Қазақстан мен АҚШ-тың арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толды. Біз аталған датаның аясында Вашингтонда, сонымен қатар Астанада өте көп шара өткіздік. Назарбаев орталығы ұйымдастырған үлкен шараға қатысып, онда  осы 25 жылдың ішіндегі жетістіктерімізді атап өттік. Қазіргі уақытта белсенді диалог жүргізілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Трамп түрлі алаңдарда бірнеше рет кездесіп, телефон арқылы келіссөздер жүргізді»,-  деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Гүлшара Әбдіқалықова  бүгінгі күні Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын да атап өтті. Биыл бірқатар жаңа құжаттардың қабылданғанын және  реформаларды жүзеге асыру басталғанын айтты.

«Біріншісі экономика өсімін жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу арқылы өсіруге бағытталған Қазақстанның  үшінші жаңғыруы деп аталады. Екіншісі, бізде рухани даму саласында жаңғыру жүргізілуде. Қазіргі уақытта елде дәстүрді, мәдениетті, біздің ең басты жетістігіміз саналатын қоғамдық келісімді сақтай отырып, жаһандық әлемге кірігуге бағытталған жұмыстар орын алуда», - деді ол.

Мемлекеттік хатшы елімізде конституциялық реформа  жүзеге асырылып, оның нәтижесінде Үкіметтің жауапкершілігі кеңейтіліп, Парламенттің құзіреті арттырылғандығын, Президенттің бірқатар құзіреті Үкімет пен Парламентке берілгендігін айтты.  Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы жайында кеңінен айтып берді.

«Рубин мырза, АҚШ Конгресі палатасына Джексон-Вэник заңына түзетулерді болдырмау туралы заң жобасын қолдау жөніндегі өтінішпен жүгінгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Гүлшара Әбдіқалықова

Оның дерегінше, 2009 жылы жүргізілген халық санағына сәйкес республикада 3485 еврей тұрып жатыр. Еврей  диаспорасы елдегі басқа да этностар секілді өз діні мен дәстүрін емін-еркін ұстануда. 1992 жылдан бері 20 этномәдени бірлестікті, қайырымдылық мақсаттағы 13 хэсэдті және 13 қауымдық орталықты қамтитын еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» қауымдастығы жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар