Әбдіқалықова: Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық патриотизмді насихаттау

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы мемлекеттік рәміздеріміз Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның қабылданғанына 25 жыл толады. Бұл елдікті және егемендікті айқындайтын айтулы дата. Сондықтан осы мерекелер аясында облыстар, Астана, Алматы қаласы белгілі бір іс-шаралар, жұмыстар  жүргізуі қажет. Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын мерекелеудің басты мақсаты -Мәңгілік ел мұраттарын, қазақстандық патриотизмді насихаттау, өскелең ұрпақты Тәуелсіздікті қорғауға тәрбиелеу  болып табылады. Сонымен қатар комиссия жұмысына ведомстволық награда бойынша ұсыныс бар», - деді комиссия отырысын ашқан Мемлекеттік хатшы.
null  

Отырыс барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуат Уәлиевтің ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша жоспарланған іс-шаралары туралы ақпараты тыңдалып, ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың «Ел қорғаны» ведомстволық наградасын бекіту ұсынысы қаралды.
null null  

Гүлшара Әбдіқалықова отырыс қорытындысында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берді.
null  

Соңғы жаңалықтар