Абель Санчес: Альварес 15 күн ішінде не жекпе-жекке келіседі, не титулынан айырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің бапкері Абел Санчесті орта салмақтағы WBC чемпионы Сауль Альварес командасының орта салмақ аясында қазақстандық боксшымен айқас өткізуге ниеті жоқ екендігі туралы мәлімдемесі еш алаңдатпайды.

Абель Санчес: Альварес 15 күн ішінде не жекпе-жекке келіседі, не титулынан айырылады

Головкин тарапы орта салмақта жекпе-жек өткізуге ниетті, ал мексикалық болса, 155 фунт - сәл төмен салмақта өнер көрсетеді, деп «Чемпионат» басылымынан үзінді келтірді sports.kz.

Головкин IBF/IBO/WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы әрі WBC нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы, сондай-ақ Альварестің титулына міндетті үміткер саналады.

Бұдан бұрын боксшылар командасы айқасты осы жылдың күзінде өткізетіні жайлы уағдаласқан. Бұл Альвареске алдымен Амир Ханмен айқасуға мүмкіндік береді. Ол Лас-Вегаста 7 мамырға жоспарланған. Головкин 23 сәуірле Лос-Анджеелесте Доминик Уэйдпен рингке шығады.

«Белгілі бір тәртіп бар. Қолымда мүдделі тараптардың барлығы қол қойған құжат көшірмесі де бар. Golden Boy мен Альварес командасы бір жақтан, K2 және Головкин командасы екінші жақтан оған қол қойған. Осы құжатта олардың айқас өткізуді қабылдау немесе бас тарту үшін 15 күн уақыты бар екені айтылған. Егер олар келіссе, онда бізде оны өткізу жағдайларын уағдаласу үшін 13 күн уақытымыз болады.

Егер келісімге келе алмасақ, онда промоутерлік сауда-саттық өткізеді. Ол өткеннен кейін барлығы және боксшылардың гонорары WBC қағидаларының аясында айқындалады. Барлығы қағазда жазылған. Барлығы WBC қағидаларымен айқындалуы тиіс», - деді Санчес.