Абель Санчес: Егер Головкин мега жұлдыз болса, онда Мейвезер онымен жекпе-жекте мол табысқа кенеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі америкалық бапкер Абель Санчес даңқты әлем боксшысы Флойд Мейвезерге қарсы WBA/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы өзінің басты қамқорлығындағы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі жайында пікірін білдірді, деп жазады sports.kz.

Абель Санчес: Егер  Головкин мега жұлдыз болса, онда Мейвезер онымен жекпе-жекте мол табысқа кенеледі

«Егер Флойд Мейвезер Мэнни Пакьяоны жеңсе, Головкинмен кездесуді ойлануы мүмкін. Пакьяо Флойдпен айқаста 120-130 миллион доллар пайда табады, егер Головкин келесі жылы мега жұлдыз болса, онда Мейвезер онымен жекпе-жектен 150-200 миллион доллар олжалауы мүмкін. Флойд аса ақылды бизнесмен де, егер ол жекпе-жекте жеңілсе, спорттық мансабындағы соңғы ойыны болмақ».

Еске салсақ, Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамырда өтеді, оның қарсыласы Вилли Монро болмақ.