Абель Санчес: Геннадий төртінші раундта Лемьені нокаутқа жібереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы IBF нұсқасы бойынша чемпион Давид Лемьені жекпе-жек уақыты аяқталмай тұрып жеңетінін айтты, деп хабарлады Sports.kz.
«Екеуі де кездесу басында бір-бірінен қауіптенеді. Екінші раундта Головкин джеб әдісін пайдаланып, Лемьені ұра бастайды. Үшінші раунд екеуі үшін де маңызды. Ал төртіншіде Головкин оны нокаутқа жібереді», - деген Санчестің сөзін Boxing Scene келтірді.
Головкин мен Лемье 17 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында күш сынасады.