Абель Санчес: «GGG „Канеломен» мамырда кездеседі деп үміттенемін»
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері А. Санчес Руслан Мадиевтің жекпе-жегі алдында сұхбат берді, деп хабарлады ВКонтакте желісіндегі GGG ресми тобында.
«GGG Канеломен мамырда кездеседі деп үміттенемін. Алайда бұл маған байланысты емес, мен тек қана бапкермін. Оның менеджері мен промоутері келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл жекпе-жек болады деп үміттенемін. Бұлай болмаған жағдайда келесі жылдың басында кездесеміз.
Котто мен Канело жекпе-жегі болжағандай өтті. Канело жас болғандықтан жеңеді деп ойладым».