Абель Санчес: Головкин-Джейкобс жекпе-жегі тамаша шахмат партиясы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) жекпе-жек қарсаңындағы телефон байланысы арқылы өткізілген мәслихат барысында журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлады Sports.kz .

Абель Санчес: Головкин-Джейкобс жекпе-жегі тамаша шахмат партиясы болады

«Әр боксшыға психологиялық сынақ керек, бұл Дэннимен жекпе-жек біз үшін үлкен белес. Бұл айқас тамаша шахмат партиясы болар еді. Кімнің ынта-ықыласы көп екенін көрейік. Менің ойымша, бұл кездесу есте қаларлықтай жоғары деңгейде өтеді немесе жалықтырып жібереді, екеуінің бірі болады», - деді Санчес.

Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді.