Абель Санчес: Головкин Коттоны 5 раундта тас-талқан етедi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннiң (32-0, 29 КО) бапкерi Абель Санчестiң сөзiне қарағанда, олар Мигель Коттомен (39-4, 32 КО) қуана-қуана кездесу өткiзер едi. Алайда, пуэрториколық боксшы кiм мықтыны анықтауға әлi асығар емес. Еске сала кетейiк, Мигель Коттоның еншiсiнде 72,6 келi салмақта WBC титулы бар.
Геннадий болса, соның «уақытша» нұсқасына ие. Сондықтан, қазақстандық боксшы Мигель Коттоның мiндеттi қарсыласы болып табылады.
«Мигельде өзге жоспарлар бар деп ойлаймын», - дейдi Санчес Boxingscene сайтына берген жауабында. - Головкин оған тым мықты қарсылас екенiн Котто бiледi, сондықтан ол өзге жолды таңдайды. Бiзге тек оның титулы қажет, кiммен шығатынымыз бiзге бәрiбiр».
«Өкiнiшке орай, бiз Мигельдi рингке шығуға күштей алмаймыз. Мигель де, оның бапкерi Фредди Роуч та ол Головкинге тек бес раунд шыдайтындығын сезiп отыр. Бұл оларға керек емес. Коттода керемет бокс тарихы бар және бұны бiр мезетте Головкиннiң тас-талқан еткенiн қаламайды», - дедi ол.