Абель Санчес Головкиннің жасы туралы: Шынайы көзбен қарауымыз тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес On The Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен өтуі ықтимал үшінші айқасқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
- Келер жылы Геннадий 37 жасқа толады. Сіздің пікіріңізше, келесі жолы жас ерекшелігінің факторы өз ықпалын тигізуі мүмкін бе?
- «Жоқ» деп айтқымыз келеді. Бірақ біз шынайы көзбен қарауымыз тиіс. Бұл жолы олар - әрқайсысы жақсы күйде болды. Айтылып отырған мәселе белгілі бір рөлін ойнауы мүмкін. Дегенмен дәл солай болады деп ойламаймын. Меніңше, екеуі де бір-біріне бағытталған. Маркес пен Пакьяо сияқты, егер олар күш-жігерлерімен айқастың сондай түрін көрсете алса. Бірақ айырмашылықты байқайсыздар деп ойламаймын.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі былтыр тең аяқталған болатын. Биылғы рематчта төрешілердің басым дауысымен жеңіс мексикалық боксшыға берілді.