Абель Санчес: «Уэйд Головкин үшін қауіпті»
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Доминик Уэйд қарамағындағы спортшы үшін өзінің жастығымен және жеңіске ұмтылысымен қауіпті екендігін мәлімдеді.
«Доминик жас, жеңіске деген құлшынысы және әлі күнге дейін жеңілмегендігімен қауіпті. Олардың бізге икемделуіне тура келеді, біз оларға икемделмейміз. Геннадий бұл жекпе-жек IBF титулын міндетті қорғау екенін түсініп отыр, егер одан бас тартсақ, айырылып қалатын едік», - деген Санчестің сөздерін келтіреді Boxing News 24.