Абель Санчестің тағы бір қазақстандық шәкірті АҚШ-та айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 наурыз күні АҚШ-тың Тастин қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оның аясында қазақстандық Руслан Мәдиевтің де жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Абель Санчестің тағы бір қазақстандық шәкірті АҚШ-та айқасады

Бұл айқаста отандасымыздың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Мартин Анхель Мартинес (18-13-1, 11КО) болады. Боксшылар бірінші орта салмақта 8 раундық жекпе-жек өткізеді.

Еске салайық, 25 жастағы Руслан Мәдиевті (10-0-0, 4 КО) «Big Bear» базасында белгілі бапкер Абель Санчес жаттықтырады.