Абхаздар президентін сайлады
АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Александр Анкваб 54,86% дауыс жинап, Абхазия президенті болып сайланды.
Бұл туралы Абхазия Орталық сайлау комитетінің өкілдері хабарлады, деп жазады РБК.
Бұдан бұрын А.Анквабтың жеңіске жеткені туралы оның сайлау штабында хабарланған.
Республика басшысы қызметіне А.Анквабтан басқа сондай-ақ Премьер-министр Сергей Шамба және оппозициялық партияның көшбасшысы Рауль Хаджимба үміткер болды.