08:00, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Абхазия ОСК-і: Сайлаудың бірінші кезеңінде Рауль Хаджимба жеңіп шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала болжам бойынша, оппозиционер Рауль Хаджимба Абхазия Республикасының президенттік сайлауының бірінші кезеңінде алда келеді. Ол сайлаушылардың 50,57% дауысын жиған, деп хабарлады ОСК басшысы Батал Табагуа.

"Осылайша Хаджимба Абхазияның сайланған президенті болып саналады", деп жазады ИТАР-ТАСС Орталық сайлау комиссиясы басшысының сөзіне сілтемемен.
Абхазия заңнамасына сәйкес, сайлауда 50% пайыз және 1 дауыс жиған үміткер жеңіске жетеді.
Хаджимбаның негізгі бәсекелесі - қауіпсіздік қызметі басшысының міндетін атқарушы Аслан Бжания. Ол 35,91% дауыс жиған.