10:41, 24 Тамыз 2014 | GMT +5
Абхазияда президент сайлауы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абхазияда 24 тамызда президент сайлауы өтеді. Республика басшысы орынтағына төрт үміткер - Рауль Хаджимба, Аслан Бжания, Мираб Кишмария және Леонид Дзапшба дауысқа түсуде, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Абхазия ОСК мәліметтер базасында 130 мыңға тарта сайлаушы бар. Өткен президенттік сайлауларда 106 мыңға жуық адам дауыс беруге қатысты. Бұл жолы сайлаушылар саны бұрынғыдан аз болмақ, өйткені, республика бас прокуратурасы Галск ауданының 20 мыңға жуық тұрғындарына төлқұжат беруде заң бұзушылық орын алуына байланысты оларды дауыс беру құқығынан айырды», делінген ақпаратта.
Учаскелер сағат 08.00-де ашылып, 20:00-де жабылады. Алдын ала мәліметтер 25 тамызда таңертең жарияланбақ. Заңнамаға сәйкес түпкілікті қорытындылар дауыс беруден кейін үш күн ішінде шығарылады. Бірақ та сайлау нәтижесі қалай болары әзірге белгісіз. Егер үміткерлердің бірде-бірі 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаса, екінші тур тағайындалады.