«Абхазиядан келген нарттар» мен «Уездік қала» мерекелік Астананың қонақтары болады
АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Қала күнін мерекелеуге арналған шараларды өткізу аясында Астанада «Астана Кубогы» ойнатылатын Көңілді тапқырлар клубының бірінші халықаралық фестивалі өтеді.
Елорданың тұрғындары мен қонақтары мерекелік күндері КТК-ның бүкіл тарихындағы ең танымал және атақты командаларының әзілдеріне куә бола алады. Астанаға «Абхазиядан келген нарттар» (Сухуми қаласы), «Уездік қала» (Челябі-Магнитогор қаласы), «Прима» (Курск қаласы) және Қазақстан құрамасы («Қазақтар», «Астана. кz» командалары) келеді. Кешті танымал әзілқой, Ресей Халықтар достығы университеті командасының капитаны Сангаджи Тарбаев жүргізеді.