Әбиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде қарсыласынан басым түсті

ПАРИЖ. KAZINFORM – Дзюдодан әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындарындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.

Әбиба
Фото: Сали Сабиров

48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы белесуінде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңді. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Елдос Сметов алғашқы белдесуінде жеңіске жетті. 

Сондай-ақ Олимпиаданың алғашқы күні ел қоржынына алғашқы медаль түсті. Оны пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жеңіп алды.