Абылай Мырзахметовке қатысты тергеу жалғасып жатыр - Антикор

абылай мырзахметов
Фото: atameken.kz

Абылай Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресмм өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Әлтаевқа шыққан үкім жарияланды. Оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде шешім қабылданды. Күдікті Абылай Мырзахметов туралы айтар болсам, қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық іс аяқталғаннан кейін сотқа жолданады», — деді Арман Тілеукенов.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов биылғы 10 мамырда ұсталған еді. 

«10 мамырда „Атамекен“ ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталды. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді. Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген Антикор хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар