14:18, 04 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Абылайхан 71 келіге дейінгі салмақта түркменстандық Байрамдурды Нұрмұхамедовпен қолғап түйістірді.
Бұл жекпе-жек отандасымыздың айқын басымдылығымен өтті. Үшінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Қорытынды есеп – 5:0. Осылайша, Абылайхан Жүсіпов те жартылай финалға жолдама алды.
Енді Қазақстаннан Әйгерім Сәттібаева мен Сымбат Әлиасқар рингке шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Диас Молжігітовтің жартылай финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Дулат Бекбауов малайзиялық боксшыны нокаутпен жеңді.