Абылайхан Жүсіпов Қазақстанға Әлем кубогының алтынын сыйлады

АСТАНА. KAZINFORM — Абылайхан Жүсіпов Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

бокс
Фото: instagram.com/jussupov_ablaikhan

Әлем чемпионы, 70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов финалда Үндістан өкілі Дипакпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Отандасымыз жекпе-жек бойы өте сауатты қимылдап, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 5:0.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

½ финал. Зейад Ишаиш (Азия чемпионы) — 2-раундта қарсыластың жарақатына байланысты жеңіске жетті.

¼ финал. Шавкатжон Болтаев — 5:0

1/8 финал. Кайан Рейес (Әлем кубогының финалисі) — 5:0