Абылайхан Жүсіпов сенімді түрде жартылай финалға шықты

АСТАНА.KAZINFORM - Әлем чемпионы, 70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Шавкатжон Болтаевпен (Өзбекстан) жолы түйісті, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы.

 Абылайхан Жүсіпов екінші рет бокстан Азия чемпионатының финалына өтті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз жекпе-жек бойы салқынқанды қимылдап, қарсыласының адымын аштырмады. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Абылайханға берді.

Осыған дейін Санжар Тәшкенбайдың жартылай финалға өткенін жаздық.