Әбілязов бизнес-серіктесінің бұрынғы әйелінің ізіне түсу кезінде ұсталды

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - БТА банкінің 6 миллиард долларын жымқырды деп айып тағылып, жасырынып жүрген қаржы мекемесінің директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов оның танысы,

Әбілязов бизнес-серіктесінің бұрынғы әйелінің ізіне түсу кезінде ұсталды

украиндық бизнесмен Сергей Тищенконың бұрынғы әйелі Еленаның соңына түсу кезінде қолға түсті, деп хабарлады Ресей жаңалықтар қызметі.

Қазақстан азаматы Әбілязов Францияда Канн қаласының маңында ұсталған болатын. Экс-ан-Прованса соты қазір оны экстрадициялау мәселесін шешіп жатыр. Қашып жүрген банк иесінің бұл елден шығарылуын Қазақстан, Ресей мен Украина талап етіп отыр. Айта кетер жайт, Қазақстан мен Франция арасында экстрадициялау туралы келісім жоқ, оны Ресейге экстрадициялауы мүмкін, алайда мұнда бірқатар шектеулерге байланысты Әбілязовті Украинаға беру мүмкіндігі қаралып жатыр.

«Ізіне түскен әйел - Елена Тищенко. Ол Әбілязовтің украиндық бизнес-серіктесі Сергей Тищенконың бұрынғы әйелі. Өткен аптада сот отырысына қатысқан (Әбілязов жымқырған қаржыға қатысты істердің біріне). Ол Лондонда сот ғимаратынан шыққаннан кейін бақылауға алынды және Францияға қайтып оралған», - деді агенттіктегілер.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бұған дейін Тищенко Әбілязовтің заңгері деп айтылып жүрді. Лондон сотында ол International Petroleum Services Group Limited компаниясының өкілі ретінде қатысып, Әбілязовтің компания активтеріне иелік ететіндігін жоққа шығарды.

Әбілязов Канн қаласының солтүстігіне қарай 10 шақырым қашықтықтағы Муан-Сарту деген жердегі виллалардың бірінде ұсталды. Бұрынғы банк иесі алты жатын бөлмесі, үлкен саябағы бар Zenith вилласын жалдап тұрған. Полиция қызметкерлері Лондонға келгеннен соң Әбілязовке жолыққан Тищенконың ізін ала оны танып, ұстаған.