Әбілязов ізін жасыру үшін қызметкерлерін күштеп елден кетірмек болған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БТА банк қаржысын жымқыру ісіне қатысты бүгінгі сот отырысында куәгерлер жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сотта сөз алған Мұхтар Әбілязовтің сенімді өкілі Раушан Қыздарбекова өзін қалай ұрлағаны туралы айтып берді.
«БТА банкінде мен Мұхтар Әбілязовпен тікелей жұмыс істедім. 2007 жылы мені Қаржы полициясына шақыртқаннан кейін мен БТА банкінде құжаттарға қол қоюдан бас тарттым. Алайда, Әбілязев қаржы полициясымен барлық мәселені өзі шешетінін айтып, уәде берді. Әбілязев маған енді тергеуге бармау қажеттігін айтты. Сосын мен олардан адвокат сұрадым. Олар адвокат мен үшін қымбат екенін айтты. Сосын мен өз адвокатыммен Қаржы полициясына бардым», - деді куәгер.
Раушан Қыздарбекова осы әңгімеден кейін Әбілязовпен арада ешқандай қарым-қатынас болмағанын жеткізді.
«2009 жылы наурыз айында маған елден кетіп қалуға ұсыныс жасады. Мен кеткем жоқ. Мені елден алып шыққылары келді. Ол Әбілязовтің тапсырмасымен жасалды. Сол кезде мен ауруханадан шыққан едім. Оныма қараған жоқ, маған жігіттер келіп, көліктеріне отырғызып алып кетті. Бұл Әбілязевтің адамдары болуы керек. Олар мені Қырғызстан шекарасы арқылы алып кеткісі келді. Бірақ, тыйым болғандықтан олар мені өткізе алмады да Өзбекстан шекарасы арқылы өткізгілері келді. Ол жақта да жол жабық болды», - деді ол.
Бұған дейін Раушан Қыздарбекованың БТА банк қаржыларын жымқыруға қатысқаны хабарланған болатын. Атап айтқанда, «Сирия-Альянс» офшорлық компаниясын заңсыз неиселеу ісіне оның қатыстылығы бар. Банк бөлген қаржыға компания «Авиакомпания Екселент глайд» АҚ мен лизинг бойынша шарт жасаса отырып, құны 54,6 млн АҚШ доллары тұратын үш ұшақ сатып алған.
Бұл іс бойынша қаржыландыру және аталған әуе компаниясының шаруашылық жұмыстарын Әбілязов өзі қадағалап отырған.
Содан кейін, «Екселент глайд» әуе компаниясымен банк үшін тиімсіз келісімшарт жасалып, банк қызметкерлерін тасымалдау және ақылы қызмет көрсету шаралары ұйымдастырылған.
Келісімшарт бойынша әуе компаниясының есеп шотына 2007 жылы 922 млн теңге, 2008 жылы 1 мрлд теңгеге жуық қаржы аударылған.