Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің 45 жылдығына арналған көрме ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық орталық музейінде Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің – ЮНЕСКО-ның тұңғыш клубының 45 жылдығына арналған көрме ашылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

сурет
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрмеге «Менің шығармашылық бұрышым» сурет байқауына қатысқан авторлар мен мектеп оқушыларының жұмыстары қойылды. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен түрлі жастағы 200-ден астам адам қатысты. Олардың арасынан 44 қатысушы өз аталымдары бойынша I, II және III орындарды иеленді.

көрме
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

45 жыл ішінде мектеп талай дарынды балалардың өнерге жолын ашқан іргелі білім ордасына айналды. Мектептің түлектері бүгінде Қазақстанның ғана емес, Ұлыбритания, Қытай, Канада, АҚШ, Жапония, Ресей, Чехия және басқа да елдердің өнер колледждері мен жоғары оқу орындарында өз білімін жалғастырып жүр.

көрме
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде өткен «Музей түні» акциясына 15 мыңнан астам адам қатысқанын жазған едік.

көрме
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі