Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл: Алматыда мерейтойлық көрме ашылды

Әбілхан Қастеев көрмесі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына арналған мерейтойлық көрме ашылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, көрмеге Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің коллекциясынан 300-ден астам көркем және графикалық туынды қойылды.

Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл: Алматыда мерейтойлық көрме ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Суретші 1904 жылы дүниеге келген. Қастеевтің табиғи дарыны бала кезінен көріне бастады. Ұзақ күндерін жайылымда, табиғат аясында жалғыз өткізген соң ол әктастан әртүрлі мүсіндерді ойып, саздан қолөнер бұйымдарын жасады.

Әбілхан көркем қолөнердің алғашқы дағдысын талантты мұғалім Н. Хлудовтан игерді.

Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл: Алматыда мерейтойлық көрме ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

1942 жылы Алматыда Ә.Қастеевтің алғашқы жеке көрмесі өтті, оған 143 туынды қойылды. 1944 жылы Амангелді Имановтың бейнесін қынап бетіне түсіргені үшін республикада алғаш рет Қазақ КСР Халық суретшісі атағына ие болды.

Қастеевтің шығармашылық мұрасында портрет жанры маңызды орын алады. Ол Ш.Уәлихановтың, Ж. Жабаевтың, А. Имановтың, Ғ. Мұратбаевтың портреттерін салды.

Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл: Алматыда мерейтойлық көрме ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Суретші 1950-60 жылдары «Жаңа Қазақстан», «Қазақстан жерінде», «Қазақстан байлығы», «Қазақстан жері мен адамдары» сияқты бірнеше акварельдік циклдар құрды.

Әбілхан Қастеев 1973 жылы дүниеден өтті. Артынан үлкен шығармашылық мұра қалдырды. 1984 жылы оның есімі ҚР Мемлекеттік өнер музейіне берілді, осында оның туындылары сақтаулы тұр.

Сонымен қатар Ә. Қастеевтің шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі көптеген музейлер мен жеке коллекцияларда бар.

 

Соңғы жаңалықтар