17:39, 05 Қазан 2013 | GMT +5
Абрамович Нью-Йорктен 75 миллион долларға үй сатып алды
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Ресейлік миллиардер Роман Абрамович Нью-Йорктің көрікті ауданынан 75 миллион долларға пәтер сатып алды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Пәтердің сегіз жатын бөлмесі және үлкен орталық залы бар.
Агенттіктен хабарлағандай, Абармович бүтін үйді өзі иелену үшін басқа тұрғындарымен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.
Британиялық БАҚ 46 жастағы Абрамовичтің әлемдегі ең үлкен яхтаның иегері екенін, Челси футбол клубы да соныкі екенін, оған қоса, Лондон мен Парижде жылжымайтын мүлкі бар екенін еске салады. Оның байлығы 10 миллиард долларға бағаланды.