Абрамовичтің ұлының компаниясы Сібірден мұнай кенішін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханты-Манси автономиялық округінде Батыс Колтогор мұнай кеніші ашылды, ондағы мұнай қоры 15 млн. тоннаны құрайды. Бұл туралы РФ табиғи ресурсар және экология министрлігі жариялаған хабарламасына айтылған. Онда кенішті «ресейлік мұнай компаниялары» ашты делінген, бірақ та атауы айтылмаған, деп хабарлады РБК.
None
None

Табиғи ресурстар және экология министрлігі қоғамдық кеңесінің баспасөз қызметі кенішті «Сібір геологиялық компаниясы» ЖАҚ ашқанын хабарлаған, ол Zoltav Resource компаниясының иелігінде. Оған Аркадий Абрамовичтің (ресейлік миллиардер Роман Абрамовичтің ұлы) ARA Capital Limited компаниясы бақылау жасайды.

Батыс Колтогор кеніші Zoltav Resources компаниясының Батыс Сібірдегі алғашқы активі емес. 2013 жылы компания Ханты-Манси автономиялық округіндегі Колтогор кеніштері топтарын сатып алғаны белгілі болды.

Табиғи ресурстар және экология министрлігінің баспасөз қызметі Батыс Колтогор кеніші Колтогор аймағында ашылғанын түсіндірді, алайда оның Колтогор кеніштері тобына кіретіні немесе кірмейтіні белгісіз. Бұл топтың қоры 73,5 млрн. баррель шикізатты құрайды. Өткен жылғы көктемдегі мәміленің құны 26 млн. доллар болды. Сонымен бірге, Zoltav Resources оған тағы 26 млн. доллар инвестиция құятынын мәлімдеді.

2013 жылдың күзінде Zoltav Resources Vostok Energy еншілес компаниясы арқылы британдық Royal Atlantic Energy компаниясын сатып алды. Ол Саратов облысындағы Борт мұнай учаскесін иелену құқына ие. Мәміле сомасы 180 млн. доллар болды.

Соңғы жаңалықтар