«Әбу-Даби Плазаның» құрылысы уақытша тоқтатылатыны туралы ақпарат жалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы уақытша тоқтатылатыны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады.
None
None

«АЛДАР ЕВРОАЗИЯ» ЖШС-ның мәліметінше, «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы 2009 жылы Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы келісімде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Мердігер компания сауда орындары мен қонақүйлерді бекітілген кестеге сай 2019 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Ал кешеннің ең биік ғимаратын 2020 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

«R блогы - бүкіл кешеннің ең биік ғимараты, оның құрылысына көп уақыт қажет», - делінген компанияның ресми ақпаратында.

 

Соңғы жаңалықтар