Әбу-Даби полициясы нөмірлік белгілері бүлінген жүзден астам автомобильді ұстады

Әбу-Даби қаласындағы жол қозғалысы және патрульдеу департаментінің директоры Хуссейн Әл Харити өздерінің нөмірлік белгілерін БАӘ-дегі жолдарда жылдамдықты бақылау таспалары мен радарлардың белгіленуінен құтылу мақсатында Парсы шығанағының басқа елдерінен келген автомобильшілер бүлдіретінін мәлімдеді.
"Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекет етуінің арқасында аталған автомобильдерді жедел ұстау мүмкін болды. Жүргізушілер ұсталып, оларға айыппұл салынды», - деп атап өтті Х.Әл Харити.
Жол полициясының өкілі Әбу-Даби полицейлерінің нөмірлік белгілерді бүлдіретін жүргізушілерді ұстауды жалғастаратынын және олардың қатысуымен болатын талқылаулар тиісті сот органдарына жіберілетінін қосып өтті.
Радарлардан «жасырыну» мақсатымен жүргізушілер нөмірлерді өзгерту үшін ленталарды жабыстырады, металл тілімшелерін майыстырып, балшық жағады және белгілерді өртеуге дейін барады. БАӘ-нің полиция қызметкерлері осындай әдістердің олар үшін жол-көлік оқиғаларына қатысқан автомобильдерді анықтауда қиындық тудырады деп есептейді.