Әбу-Дабиде әскери жаттығу кезінде қаза тапқан ұшқыштарды соңғы сапарға шығарып салды
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінің әскери-әуе күштерінің аға лейтенанттары Сейф Халаф Аль Зааби мен Абдулла Али Аль Хамуди жұма күні Әбу-Дабиде жерленді.
Мысыр мен БАӘ әскерлерінің бірлескен әскери жаттығуы кезінде ұшақ апатқа ұшырап, екі сарбаз қаза тапқан болатын. Мысырлық БАҚ хабарламасына сүйенсек, бортта болған барлық экипаж мүшелері көз жұмған, олардың екеуі мысырлық, екеуі әмірлік офицерлері.
Офицерлерді соңғы сапарға шығарып салуға БАӘ батыс өңіріндегі өкілетті өкілі шейх Хамдан бин Зайед Аль Нахайян келді.