Әбу-Дабиде «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымын айыптау үшін 52 мұсылман елінің өкілі бас қоспақ

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымын айыптау үшін 52 мұсылман елінің өкілі ағымдағы жылдың соңында Әбу-Дабиде кездеседі.

Әбу-Дабиде «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымын айыптау үшін 52 мұсылман елінің өкілі бас қоспақ

Ағымдағы жылдың басында мұсылман елдері Марракеш декларациясын қабылдаған.
Енді БАӘ лидерлері оны діни және құқықтық шаралармен қатар білім беру жүйесіндегі интеграция аясында жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.
«Мұсылман әлемі үшін келесі қадам - Әбу-Дабиде кездесу. Декларацияны жан-жақты қарастырып, оның жүзеге асуына алғышарт жасаймыз», - деді Әбу-Дабидегі форумның атқарушы директоры Зешан Зафар.
Марракеш декларациясына барша мұсылман әлемінің мүфтилері, діни лидерлері мен белсенділері қол қойып үлгерді.
Әбу-Дабиде өтетін кездесудің мақсаты мұсылман әлемінде тұратын өзге конфессиялардың мүдделерін ескеру.
«Араб елдерінде барлығымыз сунниттер мен шииттерге бөлінуден зардап шегеміз. Ислам барлық адамға жіберілген дін екенін түсінуіміз керек... Алла Тағала алдында кімді қабыл, кімді қабыл емес, оны шешетін біз емеспіз», - деді З.Зафар.